Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Апатқа ұшыраған тікұшақ ұшқышының жағдайы ауыр

Жамбыл облысында тікұшақ апаты болған аймақтан табылған адам ауруханаға жеткізілген.

53bd51c47c349aaf9f3c5789df0a3182_big

Бұл туралы Азаттыққа Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Сәуле Мунатаева хабарлады.

«Оның денесінің 50 пайызға жуығын күйік шалып, зақымданған, қазір оны ауруханаға жеткізген. Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр» деді Мунатаева.

Алдын ала деректер бойынша, апатқа ұшыраған тікұшақ «Жаңа Әлем әуе компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі иелігінде болған.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов атындағы ауданда сенбі күні тікұшақ апатқа ұшырағаны туралы хабарланған еді. Қаңтардың 23-і күні кешкісін төтенше оқиға туралы хабар түскен соң, апат болған аймаққа дереу құтқарушылар тобы және медициналық жедел жәрдем бригадасы жөнелтілген.

Апаттың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

 

Талқылау