Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағының бортында қазақ азаматы болған

Ресейде апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған жолаушылар арасында Орынбор облысының 32 жастағы тұрғыны Темірлан Ақназаров та болды. Ұшақ бортындағы 71 адамның есімі белілі болды.

Оның “ВКонтакте” желісіндегі парақшасына туыстары мен достары көңіл айтуда.

Айта кетейік, 11 ақпан күні Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Кейін ұшақ қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғаны мәлім етілді.

Бұдан бұрын, ҚР СІМ ұшақ бортында қазақстандық азаматтар болмағанын мәлімдеген еді.

Тағы оқыңыз:

Қазақстандықтар мүгедек қыздың протез аяғына 400 теңгеден жинап жатыр

Жапон самурайының ұрпағы 5 жылдан бері Алматыда тұрып жатыр

Тарихшы: Байзақ батыр елінің азаттығы үшін өмірін құрбан етті

 

Талқылау