Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Апатқа ұшыраған 58 жастағы әйел 6 күн бойы шөл даланы кезіп, шөп жеуге мәжбүр болған

АҚШ-тың Аризона штатында 53 жастағы әйел шөл далада апатқа ұшырап, адамдарды табу үшін 6 күн бойы қу даланы кезіп жүрген.

Апатқа ұшыраған 58 жастағы әйел 6 күн бойы шөл даланы кезіп, шөп жеуге мәжбүр болған

Бұл туралы The Wickenburg Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әйел Викенбург қаласының маңындағы елсіз жермен жүріп келе жатқанда рульді басқара алмай, көлік жолдан ұшып кетіп, қоршауды бұзып өтіп, алып ағаштардың  арасына тіреліп қалған.

6 күннен кейін оқиға орнына келген жол жөндеушілер мен жергілікті ферманың жұмысшылары қоршаудың бұзылғанынк көрген. Артынша ағаштардың арасындағы быт-шыты шыққан көлікті байқайды. Ол кезде көлікте ешкім болмаған екен. Тек сол жерден өзенге дейін жүрген адамның ізі қалған.

Жұмысшылар көлік иесін 450 шақырым жерден тапты. Апаттан кейінгі түрлі жарақат алған әйелдің организі де сусызданып қалған екен.

Әйел бірнеше күн бойы ағаштың басында отырып, көмек күткенін айтты. Артынша ағаштан түсіп, темір жолға қарай жүрген. Ол жол бойында өзеннен су ішіп, шөп жеген екен.

58 жастағы әйелге алғашқы көмек көрсетіліп, тікұшақпен ауруханаға жеткізілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау