Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аңызға айналған боксшы Головкин мен Канелоның екінші жекпе-жегінде кімнің жеңіске жеткенін айтты

Ауыр салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Джордж Форман Sirius XM Boxing радиошоуының қонағы болып, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің екінші жекпе-жегіне баға беріп, кімнің жеңіске жеткеніне қатысты өз пікірін айтты.

Джордж Форман

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өз сөзінде Джордж Форман Головкин мен Альварестің қарымта кездесуін тамашалағанын айтып, жекпе-жекке өз бағасын берді. Тамаша жекпе-жек болды, дейді ол.

«Головкин жеңді. Мен Африкада Мұхаммед Алимен жұдырықтасқанда, 6-раундтан кейін джебтердің есебінен ұпай саны бойынша жеңе бастадым. Алайда төрешілердің ешбірі сол жекпе-жекте маған жеңісті бермеген болар еді. Оған не істеу керек еді? Білесіздер ме, Головкин рингке шығып, Алваресті нокаутқа жіберуді жоспарлауы керек еді. Ол жаңа мыңжылдықтың Шугар Рэй Робинсоны ғой. Алайда ол бұл жекпе-жек арқылы оған лайық бола алмады. Егер бұл сенің қолыңнан келсе, Альвареске өзіңді осылайша «безендіруге» жол берме. Төрешілер жекпе-жекті бағалай алмады. Жеңісті ұпай саны бойынша Геннадийге беру әділетті болар еді. «Канело» оны баяулатты. Ол оны денесінен ұрып, ұпай жинады. Әрине, Геннадий де оған солай жауап берді. Алайда бұл билет сатып алуға тұрарлық болған жоқ. Мен Головкиннің Канелоны қалай жұдырық астына алғанын көру үшін аталған жекпе-жекті сатып алдым. Алайда бұл болмады», – дейді бұрынғы әлем чемпионы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау