Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнұран шырқалғанда қолын оң жағына қойған депутат ұятқа қалды (фото)

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант қабылдауы кезінде депутат Гүлжан Қарағұсова ұятқа қалды. Халық қалаулысы әнұран шырқалып жатқан кезде қолын оң жағына қойып тұрған жерінен көзге түсті, деп жазады Stan.kz.

Әнұран шырқалғанда қолын оң жағына қойған депутат ұятқа қалды (фото)Ант қабылдау рәсімі кезінде түсірілген фото әлеуметтік желіні шарлап кетті. Бұған дейін қазақ тілін жетік білмегені үшін сан мәрте сөзге қалған депутатты желі қолданушылары бұл жолы да аямай сынға алды. 

"Бұл апамыздың тек жүрегі емес, бүкіл органдары не то орналасқан шығар", 

"Оның жүрегі оң жақта шығар. Ондай бар ғой. Біздің көршіде оң жақта болған", 

"Әйел адамды 55 жасында зейнетке жібермесе, жүрегінен де тілінен де шатасады", 

"Жүрегін тексерту керек. Оң жағында ма, сол жағында ма",

"Өз ағзасын білмейтін адам қандай заң қабылдауы мүмкін? Оны кім сайлады? Қандай халық?" - деп сынады желідегілер. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр