Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спорттық жарыстарда ҚР ескі әнұраны қойыла бергендіктен, барлық елшіліктерге арнайы хат жіберілді

Үлкен жарыстарда Қазақстан елінің әнұраны шатастырыла берген жағдайлар көбейгендіктен Қазақстанның барлық бағыттағы елшіліктеріне хаттар жіберілді.

20151030120257

«Бұл жайында түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, барлық елдегі елшілікке хаттар жіберілді. Ол туралы біз өзіміздің жаттықтырушыларға, спортсмендерге,  барлығына айттық. Бұл негізінен ұйымдастырушылардың кеткен қателігі. Мүмкін олар елдің әнұранына мән бермейтін шығар. Әйтпесе әлемдік рекордты жаңартып, олимпиадада орын алып жатқан елдің әнұраны дұрыс ойнатылмауы, олардың деңгейін көрсетеді», – деді Мәдениет және спорт министрі Сәкен Мұсайбеков.

Айтуынша, Қазақстан 2-3 жылдың ішінде ауыр атлетикадан, бокстан жарыстар өткізген. Осы жылды өзінде де дзюдодан әлем чемпионаты өткен. Бірақ соның еш біреуінде ондай нәрсе бомағанын мәлімдеді.

«Халықаралық және азиялық деңгейде өтетін турнирлар көп. Біз шақырған елдердің әнұрандарын шатастырған жағдай болмады. Бұл дегеніміз ұйымдастырушылармыздың жауапкершілікпен қарап, ешкімді ренжітім алмауға тырысатындығын көрсетеді», – деді ол.

Қазақстанның бұрынғы әнұраны Хельсинкта өткен “Барыс”-“Йокерит” хоккей матчында орындалған. Осындай жағдай Грозныйда өткен турнирда екі дүркін олипиада чемпионы Илья Ильиннің  марапатында болған. Ол сонда екі әлемдік рекордты жаңартқан болатын. Сонымен қатар Дени Теннің Заграбта өткен турнирде осы жағдай қайталанған еді.


Отан туралы өлеңдер

Талқылау