Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шу көтермеңіздер": Әнуар Нұрпейісовтің қайда жоқ болып кеткені белгілі болды

Байланысқа шықпағаны үшін шу болған актердің қайда кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің қазіргі жағдайы туралы әпкесі желіде жазба қалдырып, жұрттың даурықпауын сұраған. Оның айтуынша Әнуар Нұрпейісов ешқайда жоғалып кетпеген. Қазіргі таңда актерді уайымдауға себеп жоқ.

"Достар, Әнуардың жағдайы жақсы. Уайымдап, шу көтермеулеріңізді өтінемін. Қолдауларыңызға рахмет. Әпкесі Дина", - деп жазды бауыры туралы ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз бұрын желіде Әнуар Нұрпейісов жоғалып кетті деген ақпарат тарағаны туралы жазған болатынбыз. Бес күннен артық уақыт бойы байланысқа шықпаған өнер иесінің жоғалғаны туралы туыстары ресми хабарламаған еді.

Талқылау