Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ерлердің шылымға деген құмарлығының құпиясын түсіндірді

 Кейси Рулетт басшылығымен жұмыс істейтін  Вашингтон университетінің антропологтары еркектердің әйелдерге қарағанда шылымға деген құмарлығының сырын анықтады. Мамандар темекі тұтынатын әйелдер мен еркектердің  гендірлік теңдігін салыстырған. Олар осы бір жаман әдет бойынша африкалық тайпа адамдары арасында сынақ жүргізген.

шылыммммм

Бұл туралы lenta.ru сайты жазған.

Африкалық елдерден тараған тайпа әйелдері шылымның жүктілік кезінде, кішкентай балаларға зияны көптігін түсініп бас тартуға тырысады екен. Тұрмысқа шықпаған қыздар  шылымды жігіттердің жүрегін жаулау кездінде өздеріне кері әсерін беретін жаман әдет деп те түсінеді. Әйелдер темекі тұтынатын еркектерді  тәуекелшіл, өз отбасының жауапкершілігін мойнына ала алатын азамат деп түсінеді.

Зерттеушілер акка тайпасындағы темекі шегуді гендерлік және жасқа қарай  болып бөлінеді деген. Бұл тайпада әйелдер мен ерлерге темекі тұтынуға қатысты бірдей ерік берілген. 30 мыңдай халқы бар тайпа іштей тағы бірнеше топқа бөлініп, тұратын жерлерін де өз ара реттестіріп алған. Абориген тайпасының адамдары шылымды алғаш рет XIX-ғасырда көрген. Олар өздерінің қоғамнан оқшаулануына байланысты темекіні жарнамалайтын немесе оның зиянын түсіндіретін компаниялардың насихатын тыңдамаған.

Мамандар аборигендер арасында шылымның қаншалықты тұтынылатыны жайлы сауалнама жүргізіп көрген. Бұдан бөлек антропологтар адамдардың сілекейінен тест алған. Онда еркектердің 94 пайызы шылымға әуес болса тексеруден өткен әйелдердің тек 5 пайызы темекіге тәуелді болған. Мамандар мұндай айырмашылық көптеген қоғам өкілдері арасында жүргізілген тәжірибе нәтижесі бойынша сәйкес келгенін айтады.

Акка тайпасындағы әйелдерге темекі шегуге шектеу қойылған. Көптеген әйелдер жүктілік, емізулі кезінде балаларға зияны тимес үшін өздерін ұстайтындарын айтқан. Көпшілігіне шылымның дәмі ұнамаса, қалғандары темекіге әуес әйелдердің еркектерге ұнамайтынын жақсы түсінеді. Ал темекі тұтынатын әйелдердің көбісі  орта жастан асқандар екен.

Абориген тайпасындағылардың көпшілігі шылым тұтынатын әйелдер араға бірнеше жыл салып, еркектерге ұқсап қалады деген түсінікте. Мұның өзі тайпадағы жас әйелдердің бойын шылымнан аулақ ұстауына әсер болуы мүмкін.

 

 

Талқылау