Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Антигептил” қозғалысының белсендісі Біләловқа қатысты сот үкімі шықты

Астана қаласы Сарыарқа аудандық 2-сотында «алауыздық тудырды» деген айыппен сотталып жатқан азаматтық белсенді Болатбек Біләловке үкім шықты. Судья Назгүл Бапақова Болатбек Біләловке үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын бұйырып, оны сот залынан босатты.

1A66EE26-501F-4653-B8E2-0B95635E127A_w640_r1_cx0_cy6_cw85_s

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.
Белсенді Біләлов сот үкіміне қарсы шағым бермейтінін мәлімдеді.

Бүгінгі сотта прокурор Әбдіхалықов Біләловке қылмыстық кодекстің 174-бабының 2-тармағы бойынша тағылған айыпты осы баптың 1-тармағына ауыстырып, оның бас бостандығын бес жылға шектеуді сұраған. 174-баптың 1-тармағы “Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру” деп аталады. Болатбек Біләлов осы баптың 2-тармағы бойынша “әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты” “алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен жасаған немесе сол сияқты өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері бола отырып жасаған” деп айыпталған.

Болатбек Біләлов бүгінгі сот процесінде “кінәсін мойындайтынын” айтып, айыпты 174-баптың 2-тармағынан 1-тармағына ауыстыруды сұрады. Біләлов бұл сотта “қоғамдық белсенділердің көпшілігі өзінің ісін жеке мақсаттарына пайдаланғысы келгенін, бұдан былай өзі үшін басты құндылық – отбасы екенін түсінгенін” мәлімдеді. Ол “Мен қылмыстық ісімді саяси мақсатта және өзін жарнамалау үшін пайдалануға тыйым саламын” деген.

«Демократия және адам құқығы институты» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі, қоғам белсендісі Болатбек Біләлов 2015 жылдың қараша айында тұтқындалған. Біләловті екі айға қамауға алу туралы қаулыны Астана қаласы Сарыарқа аудандық 2-соты 11 қараша күні шығарды. Оған «араздық тудыру» айыбы тағылған. Тергеушілердің пікірінше, белсенді бұл әрекетті «бұқаралық ақпарат құралдарының алдында, көпшілікке жария түрде жасаған».

Болатбек Біләлов Астанадағы сүрілуі тиіс үйлер тұрғындарының мүддесін сотта қорғаушы ретінде танымал болған. Сонымен бірге ол – ресейлік зымырандарды Байқоңырдан ұшыруға қарсы шығып жүрген «Антигептил» тобының белсендісі.

Талқылау