Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антибиотиктердің кесірінен 55 жастағы әйелдің тіліне қап-қара жүн өсіп кетті

АҚШ-та дәрігерлер тіліне жүн өсіп кеткен әйелді емдеді. Белгілі болғандай, оның тілінде қап-қара жүннің пайда болуына антибиотиктер әсер еткен.

Антибиотиктердің кесірінен 55 жастағы әйелдің тіліне қап-қара жүн өсіп кеткен

Бұл туралы Science Alert басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

55 жастағы әйел жол апатынан кейін ауруханаға түскен. Ол аяғын қатты жарақаттап алып, жараның орны іріңідеп кетеді. Дәрігерлер инфекцияның тарауын тоқтату үшін әйелге «Миноциклин» антибиотигінің бірнеше инъекциясын жасаған. Бір апта өткеннен кейін пациенттің тілі қап-қара болып, түкке ұқсайтын өсінділер пайда болыпты. Салдарынан әйел лоқсып, аузында жағымсыз дәм тұрғанын айтып шағымданған.

Оның емдеуші дәрігері Ясир Хамад 20 жылдық тәжірибесінде мұндай жағдайды алғаш рет көрген. Дәрігер пациентіне бұл ауруды емдеуге болатынын айтып сендірген. Хамад пациентіне өзге антибиотикті тағайындап, нәтижесінде бір айдан кейін әйелдің тілі бұрынғы қалпына келді.

lingua villosa nigra немес қара тіл дерті өте сирек кездесетді. Тілдегі «жүн» шын мәнісінде тілдің бетіндегі жіп тәрізді түтіктердің ісінуінің көрінісі болып табылады. Сау адамдарды бұл бүртіктердің көлемі шамамен 1 миллиметр болады. Ал науқастарда бүртіктердің көлемі 18 миллиметрге дейін өсуі мүмкін. Салдарынан олардың арасына тамақ қалдықтары тұрып қалып, ол іріңдеп, тілдің түсі қоңыр-қара түсті болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау