Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антибиотиктер адам денсаулығына қаншалықты зиян?

Ересек өмірде денсаулығымызға едәуір зиян тигізетін созылмалы аурулар адам ағзасында бала кезінде қалыптасады екен. Мұндай пікірді адам микробиомасы және ұзақ өмір сүру зертханасының мамандары Алматыда өткен дәрігерлердің кездесуі барысында айтты. Ақ халаттылар 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге антибиотиктерді таңдап, ақылға салып қана беру керек, – деп отыр.

Антибиотиктер

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жыл сайын антибиотиктерді бей-берекет қолданғандықтан Еуропада 23 мың, АҚШ-та 27 мың науқас көз жұмады екен. Бұл адам ағзасын зерттеумен айналысатын халықаралық ұйымдардың статистикасы. Бүгінде антибиотиктер медицинадан бөлек ауыл шаруашылығында, косметологияда, тұрмыстық химия өндірісінде кең қолданылады. Сондықтан адам микрофлорасының балансын дұрыс қалпына келтірген жөн, -дейді мамандар.

«Бізге микрофлорамыздың балансын сақтау маңызды, ал бұл жұмысты тек метабиотиктер ғана атқара алады. Бұл микробиоценоз жұмысының негізгі субстракті, оның қадағалаушы қасиеті бар», – дейді   медицина ғылымдарының докторы, профессор Антонина Плоскирева.

Метабиотиктердің жағымды әсері Қазақстандағы Тева компаниясының препараттары негізінде дәлелденді. Алматы, Ақтөбе мен Шымкент қалаларында осы тақырыпқа арналған конференциялар өткізілді.

«Teva» Израилдік компания негізінде. Дүние жүзі бойынша жоғары дамыған мемлекеттерде біздің зауыттар құрылған. Еуропада, Америкада, Израильде де бар. Ең басты мақсат қойылған ол сапасы жоғары болуы керек және де мүмкіндігінше бағасы арзан болуы керек», – дейді «TEVA» компаниялар тобының «РАТИОФАРМ» ЖШС Бас директоры Ғалымжан Қожаханов.

Жалпы ірі фармацевтикалық Тева компаниясы Қазақстанда 20 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Дәрі-дәрмек шығарумен айналысатын компания еліміздің дәріханаларын 250-ге жуық препаратпен қамтамасыз етіп отыр.

Оқи отырыңыз:

Адамдардың тағаммен бірге қанша пластикалық талшық жейтіні белгілі болды

Құнары аз тағамдарды тұтыну арқылы ұзақ өмір сүруге болатыны дәлелденді

Теңізде жоғалған фотоаппарат 250 километр жүзіп, тұтас күйінде табылған (фото)

Бойжеткен анасының жүрегі ұстап қалған соң, 140 келіден арықтаған

Талқылау