Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аңшы аюды видеоға түсіремін деп ажал құша жаздады

Канадалық тәжірибелі аңшы Захари Браун үш қонжығын ертіп жүрген ұрғашы аюды видеоға түсірмекші болып, ажал құша жаздады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Аңшы аюды видеоға түсіремін деп ажал құша жаздады

DailyMaiI басылымының хабарлауынша, оқиға Альберта қаласындағы Стоун жазығының маңындағы орман алқабында болды. Аңшы орманда серуендеп жүрген аюлы жанұяны көріп қалып, оларды видеоға түсіре бастады.

Бірақ, күтпеген жерден аю операторды байқап қалып, ағаштың артына тығылып отыра қалды. Алайда, аңшы түсірілімге қызыққаны соншалықты, ұрғашы аюдың өзіне тым жақын келгенін байқамай, өмірінен айырыла жаздады. Сол кезде аю ағаштың артынан шығып, аңшыға қарай жүгіріп, шабуыл жасамақшы болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау