Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әнді плюспен айтқан соң бәрібір ғой": Микрофонды теріс ұстап алған әйел жұртты күлкіге қарық қылды

Тележүргізуші Мақсат Толықбай әншілерге мазақтай отырып ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында микрофонды теріс ұстап ән айтқан келіншектің суретін жүктеп, жұртты күлкіге қарық қылды. Әзілдің астарына үлкен ақиқаттың тұрғанын да жасырмады ол. Бұл халықты алдап, плюспен өнер көрсетіп, нәпақасын солай тауып жүргендерге әзілді ескерту болғандай.

«Әншілер, тойға барғанда байқаңдар! Бірақ, микрофонды теріс ұстадың не, әнді плюспен айтқан соң бәрібір емес пе, иә?» - деп әзілдеді Мақсат Толықбай. 

 

Мақсат Толықбайдың жазбасын көрген жұрт, шынымен де өнер иелерінің сол қылығына көз жұма қарайтынын жасырмады. Тіпті бірі жұлдыздардың өнер өтірік деп ашуға булықты.

«Өнері өтірік, алдамшы болғасын, ақшалары арам болғасын, осылай халық алдында масқара болады. Бірақ беті қалыңдар еш ұялмайды. Фонограммамен өлең айтса, той иелері соларға сувенирный ақша төлеу керек. Сол кезде дұрыс болар еді», - деп ашынды желі қолданушыларының бірі.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр