Әнші Зируза «91» тобындағы Bala-мен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Жас болса да көптеген жастың кумиріне айналған Зируза Q-рор жанрындағы ән шырқап, танымалдыққа ие болды. Алайда бастапқы уақытта оны сынға алғандар көп болған. Тіпті, Зирузаның “91” тобындағы Данияр Құлымшин арқылы танылғанын айтқандар да болды.

Әнші Зируза  «91» тобындағы Bala-мен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Бұл туралы Gakku.TV арнасының “Если честно” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Зируза сахнаға алғаш қадам басқанда оны сынаушылар көп болған. Алайда әнші өзіне айтылып жатқан сындармен келісетінін айтуда. Өз сөзінде ол Q-рор жанрында ән шырқап, алғашқы қадам басқанда, дайын болмағанын айтты.

Бүгінде ел арасында Зирузаның 91 тобындағы Bala-ның, яғни Данияр Құлымшиннің көмегімен танылғаны туралы қауесет бар. Оған Зирузаның өзі не дейді?

«Бұл мәселе барлығын белгілі деп ойлаймын. 2017 жылы қарым-қатынасымыз ашылып қалды. Яғни бірге жүргеніміз, дос болғанымыз, жалпы қарым-қатынасымыз туралы сол кезде білді. Содан бері хейтерлер пайда болды. Шыны керек, олар көбіне кішкентай қыздар. Оларға ренжімеймін», – дейді Зируза.

Өз сөзінде ол Даниярмен қарым-қатынасы туралы қауесеттің нүктесін қойғысы келетінін атап өтті.

«Бұл мәселені жапқым келеді. Бір жыл болды әлі талқылап жатыр. Қазір мүлдем араласпаймыз. Мүлде байланыс жоқ. Амандаспаймыз да. Бір жыл ішінде көріскен жоқпыз», – дейді әнші.

Сондай-ақ, «біткен дүниені қазбалай берудің қажеті жоқ» деген әнші ендігі бұл мәселеге оралғысы келмейтінін жеткізді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар