Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Стас Михайлов ауруханадан шықты

Әнші Стас Михайловтың директоры Сергей Кононов әншінің ауруханадан шығарылғанын айтты.

_102f6595

Бұл туралы dni.ru хабарлайды.

“Оның қан қысымы көтеріліп кеткен. Қазір тұрақталды. Өзін жақсы сезінеді”, – дейді ол. Оның жоспарланған концерті денсаулық жағдайына байланысты ауыстырылған. Әзірге нақты мерзімі белгісіз.

Еске сала кетсек, 18 сәуір күні Ставропольге жоспарлаған “Я буду с тобой” атты концертінің алдында әнші өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түсіп қалған болатын. Қан қысымы көтеріліп кеткен әншіні дәрігерлер жансақтау бөліміне жатқызған.

Концертті ұйымдастырушылар көрермендерге билет ақшаларының қайтарылып берілетінін айтты. Михайлов келесі концертіне бүгін шығуы тиіс болған. Бірақ, сахнаға шығу-шықпауы әлі белгілі емес.

Талқылау