Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Рано Омарова тұңғышын дүниеге әкелді

Өнер жолынан бір қадам алыстап, өзін отбасылық өмірге арнаған Рано Омарова тұңғышын дүниеге әкелді.

image

Фото: instagram.com/ranosha_umarova/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Рано Омароваға осы жылдың 5 наурызында сырға салынған болатын. Ұзату мен үлкен тойының болған-болмағаны әлі күнге дейін белгісіз. Мұнымен қатар, сүйіктісінің кім екендігі туралы да еш жерде айтылмаған.

Тыңдармандарын нәзік үнімен баурап, өзін актерлік қырынан да сынап көрген Омарова бүгін тұңғыш ұлын дүниеге әкелді. Қуанышты хабарды әріптесі Ділназ Ахмадиева жеткізді.

“Нани, қымбаттым менің! Балапаныңның бауы берік болсын! Шын жүректен құттықтаймын! Денсаулығы мықты, бақытты ер азамат болып өссін!” – деп Ахмадиева ақ тілегін жаудырды.

Дәл қазір Алматы қаласының перзентханаларының бірінде жатқан әншіні әріптестері мен туған-туысқандары жарыса құттықтап жатыр. Жүктілік кезінде жынысын анықтамағандықтан, әзірге сәбидің есімі қойылмаған.


Оқи отырыңыз:

“Асыл” тобының экс-солисі тұңғышын дүниеге әкелді

Мирас пен Құралайдың төртінші перзенті дүниеге келді

Талқылау