Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Принстің өлімінің себебі белгілі болды

Америкалық әнші Принс дәріні шамадан тыс қабылдау нәтижесінде қайтыс болған. Бұл туралы сот-медициналық сараптамасынан кейін белгілі болды.

KMO_120232_13105_1_t218_201835

Сурет kommersant.ru

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Қазіргі таңда полиция өлімінен бір апта бұрын дәрігерлердің расымен Принске ауруды уақытша басатын дәрілер тағайындауының анық-қанығын тексеруде.

Әнші 21 сәуір Миннесотадағы үйінен өлі күйінде табылған болатын. Келесі күні БАҚ құралдарында өнерпаздың дәрілерді шектен тыс қолданудан қайтыс болуы мүмкін деген ақпарат таратқан. Әнші 2010 жылы ұршық буынына операция жасатқаннан кейін ауруды басатын дәрілерді тұрақты түрде қабылдаған.

Принстің ең танымал альбомы 1982 жылы “1999” деген атаумен шыққан. Бұл еңбегі оны өнер жолында тек биіктерге көтерді. Өзінің музыкалық ғұмырында ол Гремми сыйлығын 7 мәрте иеленген. Оның «Purple Rain» атта баладасы фильмдегі үздік ән аталымымен “Оскарға” лайық деп танылған.

Талқылау