Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Принс қайтыс боларынан бір апта бұрын шамадан тыс есірткі қабылдап ауруханаға түскен

Америкалық әнші Принс Нельсон қайтыс боларына дейін алты күн бұрын шамадан тыс есірткі қабылдап, емделген.

LOS ANGELES, CA - JUNE 27:  Musician Prince performs onstage at the 2006 BET Awards at the Shrine Auditorium on June 27, 2006 in Los Angeles, California.  (Photo by Frazer Harrison/Getty Images)

Сурет egemen.kz

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

15 сәуір күні әнші мінген ұшақ Молин әуежайына шұғыл түрде қонған. Жоспар бойынша ол Атлантада концерт беруі тиіс еді. Ол кезде әншінің өкілдері, Присн тұмауратып қалды деп ақпарат берген. Алайда сенімді дерек көздері әншінің ауруханаға жеткізіліп, оған шамадан тыс есірткі қабылдаған кезде айықтыру үшін берілетін дәрі егілгенін айтты.

Сосын дәрігерлер Принске бір тәулік көлемінде ауруханада қалу керектігін айтқан. Әншінің өкілдері ол үшін арнайы бөлек палата талап еткен. Бірақ, дәрігерлер бұл талапты орындай алмайтындарын айтқан соң, әнші аурухананы тастап шыққан. Білетіндердің айтуынша, ол бұл кезде өзін аса жақсы сезінбеген.

Қазіргі кезде Миннесота штатының билігі өлімнің себебін анықтау үшін, Молин ауруханасындағы ауруханадағы жазбаны алдыруға күш салып жатыр.

Актер, 21 сәуір күні қайтыс болды. Ол өзінің Миннеаполис қалашығындағы Paisley Park Studios жеке студиясында ес-түссіз күйінде табылған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, бәрі сәтсіз аяқталды.

Талқылау