Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Лидо жұрттан досының сәбиі үшін көмек сұрады

Әнші Лидо досының науқастанып қалған сәбиі үшін елден көмек сұрады.

Әнші Лидо жұрттан досының сәбиі үшін көмек сұрады
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Достар, менің жақын досымның қызы ауруханаға түсіп қалды. Қан керек. Егер мүмкіндіктеріңіз болса, игі іс жасаңыздаршы! Қан тапсыруға болмайтындар болса, дұға жасап қойыңыздаршы», – деп жазды Лидо өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Актрисаның Мамай есімді досы өз жазбасында жақында ғана дүниеге келген сәбиіне ауыр ота жасалғандығын айтқан. Қазіргі таңда нәресте Алматы қаласы Манас көшесіндегі №1 балалар ауруханасында жатыр екен. Бала 8-ші жан сақтау бөлімінде, анасы Роза Тәжібаеваның есімімен тіркелген. Қан тапсырам деушілер болса, Бұқар жырау көшесіндегі қан орталығына жүгінсе болады.

 

Талқылау