Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Индира Расылхан: Мен үшін жүгіретін, маған жаны ашитын адамды таба алмадым

Белгілі әнші Индира Расылхан «жастық шақта махаббатты, ал жас ұлғайған шақта өмір жайлы ән айтуға болады. Дәл өзі тектес орта буынға ән тақырыбын таңдау оңай емес» дейді. Әнші соңғы уақытта шығармашылығын ойлап, көп толғанғанып жүрген көрінеді. Сол себепті ол бизнесін орта жолда тастап кеткен.

Индира Расылхан

Бұл туралы HIT.TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әр нәрсе адам баласының жасымен сәйкес болуы шарт. Жүрген жүріс, киген киім, сөйлеген сөз. Тіпті әншінің шырқайтын әні де өзінің болмыс-бітімімен үйлесіп тұрғаны абзал. Бұл әрине еш жерде жазылмаған заңдылық. Орта жас көлеміндегі Индира Расылхан осы дүниелер төңірегінде көп ойланып жүргенін жасырмады.

«Шынында да қазір ойланатын болсақ, махаббат туралы ән шырқай берейін десем, көбі: «40-тан асқанда әлі махаббат тақырыбын айтып жүр ме?» – деп айтуы мүмкін. Өмір туралы айтайын десем, тағы да сол. Шынымен де қазір әннің тақырыбын таңдау қиын екен», – дейді әнші.

Осылай деген Индира репертуарын түгелдей өзгертпесе де, аздаған жаңалық енгізуді көздеп отыр.

«Жақында өзімнің стилімді таза бір халықтық нақыштағы әндерге өзгертсем бе екен деген ойлар келген еді. Дегенмен жан-дүниеңде басқаша стильдегі ән, бөлек бір дүниені ойлап тұрғаннан кейін, ойыңдағы дүниені жасағың келеді екен», – дейді Индира Расылхан.

Бір кезде ару Алматыны бас қала Астанаға ауыстырған Индира ханым өзі қолға алған бизнесінің тоқтап қалуының себебін түсіндірді.

«Қанша дегенмен, бизнеспен айналыса бастаған кезде, шығармашылық қалып қойды. Мұның қалай болғанын білмеймін. Екі ортада жүрген сияқтысың. Қарап тұратын болсаң, әніңді шығаруға, ән жазуға күш-қуатың, қиялың жоқ. Оның бәрін басқа жаққа қарай беріп жатады екенсің. Сапасыз болғандықтан немесе өзін-өзі ақтамағандықтан бизнесім тоқтатады деп айта алмаймын. Бұл шығармашылығыма көңіл бөле алмағандығымнан болды. Мен үшін жүгіретін, маған жаны ашып, өзінін дүкеніндей көретін адамды таба алмадым. Оның үстіне, Астанаға жаңадан көшіп бардық», – дейді әнші.

Десе де кәсібімді тастадым деген Индира Расылхан тағы бір істі қолға алған тәрізді. Алайда ол бұл құпиясын жасырып қалды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау