Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Икан қазақстандық олимпиадашыларды қолдайтын клип түсірді (видео)

Қазақстандық әнші еліміздің атынан олимпиадаға аттанған спортшыларға қолдау мақсатында, бейнебаян түсірді.

ик

Түсірілімге танымал қазақстандық грек-рим балуандары мен бокстан құрама мүшелері қатысқан. Айта кетсек, бұл Иканның спортшылар туралы бірінші жұмысы емес. Бұған дейін де бірнеше клипті қазақстандық спорт саңлақтарына арнаған болатын.

Икан – грек-рим күресінен танымал палуан Марат Тұрлыхановтың (балуан Дәулет Тұрлыхановтың кіші інісі) шығармашылық есімі. Оның жетекшілігімен Әсет Мәмбетов Пекин олимпиадасының қола жүлдегері және XVI жазғы Азия ойындарының (2010) күміс жүлдегері атанған.

Сондай-ақ, Марат Тұрлыханов бірнеше жыл Нұрмахан Тынәлиевпен де бірге жұмыс істеді. Нұрмахан биылғы Рио олимпиадасында 130+ келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

XXXI жазғы Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейрода 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Бұған дейін біздің боксшылардың алғашқы қарсыластары және дзюдошыларымыздың алғашқы кездесулері туралы жарияланған. Ал “Қазақстан” және “Kazsport” телеарналарынанолимпиада ойындарының көрсетілімдерін тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік бар.

Талқылау