Әнші Ева Бехер: Қазақстанда күйеуге тимеген қыздың жүкті болуы - ұят нәрсе

“Голос Казахстана” жобасының тәлімгері Ева Бехер қыздардың ерте жүкті болуын, сол үшін отбасына ұят келтіретінін орта ғасырлық түсінік деп ойлайды.

Бұл туралы zakon.kz жазады.

“Қыздар некеден тыс қарым-қатынастары туралы жақындарына айтуға ұялады. Күйеуге тимеген қыздың жүкті болуы – күнә, ұят. Ауылдардағы түсінік орта ғасырлық деңгейде. Жабайы. Бұған елдегі экономикалық жағдай да себеп. Білім жүйесі құлдырап, рухы, жігері төмен буын қалыптасты. Қыздар басын орамалмен жауып алады. Ақыл-ой, түсінік төмендеген кезде радикалдар, азғындар қаптап кетеді”, – дейді әнші.

Еске салсақ, Алматыда кезекті рет жаңа туған сәби даладан табылған болатын. Бұған қатысты “ARASHA” орталығының директоры Маргарита Өскембаева да пікір айтты.

“Бұған себеп, біріншіден бізде қыздарға жыныстық тәрбие берілмейді, екіншіден қыздарға жасалатын сексуалды шабуыл көп. Үшіншіден, менің білуімше Ақтауда немесе Атырауда оралман қыздардың жүкті болып қалған 200 оқиғасы кездескен. Бұл жерде жергілікті еркектердің оралмандарға деген көзқарасында мәселе”, – дейді ол.

Маман қыздарды бақылаусыз жіберу де қолайсыз жағдайға ұрындырады дейді.

Тағы да оқыңыз:

Елдегі бензин тапшылығы Еркенің хитінің мақамымен әзіл әнге айналды

Ресейде қазақстандық автобус пен пойыз соқтығысқан жерде түсірілген видео жарияланды (видео)

33 жастағы келіншек пластикалық ота арқылы сұлуланған соң өзіне қалталы күйеу іздемек

Эксперимент: Күйеуім бар деп алдаған қыз балгердің өтірігін әшкере қылды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар