Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Айгүл Бажанова діндар таксистен неге шошығанын айтты

Әнші, сазгер Айгүл Бажанова сақалды таксистің оқиғасын айтып берді.

“Кеше такси тоқтатып, алдыңғы орынға отырдым. Таксист жас жігіт екен. Көзіне дейін түсіріп бас киім киіп алыпты. Шоқша сақалы бар. Арт жақта екі апай әңгімелесіп отырды. Таксист телефоны арқылы машинаның ішінде айғайлатып уағыз тыңдап отыр.

Өздерін өздері естімей, жүйкесі жұқарып отырған арттағы апайлар бір-екі рет даусын жай қоюын ескертті. Оны тыңдайтын таксист жоқ. Бір кезде оған біреу қоңырау шалды. Анамен айғайлап сөйлесе бастады. Аузы толған боқтық екен. Жол бойы сонымен боқтасып барды. Барғанша стрессте бардым. Осындайларды түк түсіне алмай қойдым. Аузында Алласы, оқығаны намаз. Бірақ істегендері анау. Одан да сорақылары бар бірақ, иә?”, – деп жазады әнші желідегі парақшасында.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда сатылатын балалар ойыншығынан улы химикаттар табылды

Ота жасатқан қазақ жігіті қауіпті инфекция жұқтырып хәл үстінде жатыр

Әнуар Нұрпейісов Назарбаев көшесі туралы әзілдеп, жұртты күлдірді (видео)

Талқылау