Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Әсем Жәкетаева қуанышымен бөлісті

Танымал әнші әрі актриса Әсем Жәкетаева Инстаграм парақшасы арқылы халықтан сүйінші сұрады. Отбасындағы жаңалығымен бөлісті. Сүйкімді актриса жақында тұңғышын дүниеге әкелгелі отыр.

жакетаева22

«Жүктілік кезінде өмірге деген көзқарас өзгереді екен. Көптеген дүниелерге бұрын соңды ойлап көрмеген тұстан қарайтын болдым. Қазір өмір жайлы көп ойланып,көп ізденіп,көп оқитын болдым. Аналық махаббатымның оянғаны шығар. Іштегі баланы қазірден тәрбиелеу бойынша ізденістемін. Сондай бала сүйюге деген құштарлық адам көңілін кернейді екен.  Ата-ананың жауапкершілін сезіне бастадым»,-деп жазады Әсем.

Жакетаева

Отбасындағы жаңалығын жасырмаған әншінің тыңдармандары жақсы тілектерін жаудырды.

“Әсем өте сүйкімдісің. Ана бақытын тілеймін. Қуанышыңызға ортақпыз. Амандықта тұңғышыңызды қолыңызға алыңыз”,-деп тілек жазған желі қолданушысы.

жакетаева3

Әсем осыдан бірнеше ай бұрын тұрмыс құрған еді. Әнші қыз ол қуанышын да әлеуметтік желі арқылы хабарлаған болатын. Әсем де сүйікті жарын жасыратын жұлдыздардың қатарында.

Әсем Жәкетаева Superstar KZ музыка байқауының алғашқы маусымына қатысқаннан кейін танымал болды. Өнерпаз отандық бірнеше телехикаялар мен фильмдерге түсті. Оның соңғы түскен туындылары – “Жаным”, “Вузеры” телехикаялары.

 

Талқылау