Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық топ Украина арнасындағы байқауға қатысты (видео)

 “Кофеин” тобы “Ты мой кофеин”  әніне клип түсіріп, Украина арнасындағы  хит-парадта Вера Брежнева, Ани Лорак және Энрике Иглесиасті артта қалдырып, 4 орын алған.

Осы бейнебаянның арқасында Фарима мен Анель “жанжалшыл қыздар” деген атқа ие болды. Топ өткен 5 айдың ішінде осы бейнебаян мен әннен басқа ештеңе жасаған жоқ еді.

Топтың жетекшісі Әсел Сәдуақасова жақында ғана желідегі парақшасына  жаңа әнші іздеуде екенін айтқан еді.  Топтан бірінші болып Фатима кеткен. Ол өзінің не себепті кеткені жайлы көптеген сұрақтарға “Бұл менікі емес” деп қысқа қайырған еді. Болған жайтқа байланысты Әсел Сәдуақасованың өзі шетелдегі демалысынан оралған кезде сұрап білетін боламыз.

Талқылау