Әнші Анита Цойды шыбын шағып, ұрығы 18 жыл денесінде жүрген

Анита Цой Австралияға барған сапарында сәтсіздік болып, денсаулығыга нұқсан келгенін айтты. Әншіні жәндік шағып алған.

Әнші Анита Цойды шыбын шағып, ұрығы 18 жыл денесінде жүрген

Анита Цой биыл шыбынның ұрығын ота арқылы денесінен алды. Жәндіктің ұрығы 18 жыл бойы денесінде жүрген. Бұл туралы әнші “Секрет на миллион” бағдарламасында айтты.
Айтуынша, күйеуі екеуі біраз жыл бұрын Австралияға саяхаттап барады. ол елде әншінің арқасын шыбын шағып алады. Мәскеуге қайта оралғанда өзін жайсыз сезінгенін біліп, дәрігерге қаралады.

“Дәрігерлер мені ұрығын жануарларда қалдыратын шыбын шағып алғанын айтты. Ұрығы өсіп, шыбынға айналады”, – дейді әнші.

Алайда ұрықты оңайлықпен алу мүмкін емес еді. ДӘрігерлер бірақ уақыт керек екенін айтты. Ұрық белгілі бір көлемге дейін өсуі тиіс болды. Ол үшін айлап-жылдап күтуге тура келеді.

Әнші ұрықты алу отасын тек 2018 жылы ғана жасатты. Бұған дейін ұрық арқасына өсіп, тас секілді көлемге жеткен.

“Жұмыртқаның 18 жыл бойы бұлшықетке әбден сіңгені соншалық оны алу кезінде омыртқам қисайып кетті”, – дейді Цой.

Бұл әншінің 2018 жылы жасатқан жалғыз отасы емес. Қазан айында өтінде тас бары анықталып, ота арқылы алынған еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр