Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сая Оразғалиеваның үйіне ұры түсті

Қасиетті жұма күні Алматыда әнші, актриса Сая Оразгалиеваның үйіне ұрылар түсіп, әншінің пәтерақыға дайындап отырған қомақты қаржысы мен ұлының қымбат айфон телефонын қолды қылған, – деп хабарлайды Stan.kz. 

сая

Сая Оразғалиева осы жайтты байқаған бойда суретке түсіріп Инстаграм желісіне жариялаған екен.

“Қасиетті жұма күні. Қымбатты, ұрылар, сіздерге менің 27-сі күні төлемекші болып отырған пәтерақымды ұрлағандарыңыз үшін рахмет айтам. Осындай опасыздыққа барғандарыңызға қарағанда, өте қажет болғанға ұқсайды. Отбасыларыңыздағы науқас адамдар үшін ұрлаған шығарсыздар. Садақа болсын. Бірақ, менің ұлымды шошытып, көңілін түсіргенідеріңіді кешірмеймін. Оған айфон телефонын осыдан 3 жыл бұрын сыйға тартқан еді. Ескі болса да, үйреніп қалып еді. Енді олар менин телефонымды не үшін алып кетті деп жылап жүр. Бұдан былай біздің үйге бас сұқпауларыңызға болады. Өздеріңіз көргендей енді алатын ешнәрсе де қалмады”, – деп жариялаған суретке пікір қалдырады.

12237244_763883957072378_930054360_n

Жазбаны оқыған жазылушылар әр түрлі пікір қалдырған. Бірі Саяға қолдау тілектерін білдірді. Енді бірі көмек қолын созды. Кейбірі көңілін аулап, жақсы тілектірін жазды. Тіпті, ұрының алыстан келмейтінін де ескертіп жатты.

Пікір жазушылардың бірінің басында дәл осындай жағдай орын алған көрінеді. Және ол да жұма күні болған екен. Екі оқиғаның да ұқсастықтары күмән тудырады. Суреттен байқандай ұрылар киім сөрелерін ақтарып, барлық заттарды шашып кеткен.

Талқылау