Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Ақбота бірнеше күн бойы пияз иісінен арыла алмай қойғанын айтты

Күні кеше “Гламур для дур” фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Аталған көрсетілімнен кейін актерлік құрам түсірілім жұмыстарының қалай өткенін айтып берді. Басты рөлдегі актриса Ақбота Сейітмағамбет үш күні бойы пияз иісінен арыла алмай қиналғанын тілге тиек етті.

0d09f3c97e547b749e75d3e1fb7cb1bc

Фото: erkindik.kz

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Жаздан бері жарияға жар салып, “теңдесіз туынды түсірдім” деп атойлаған Асқар Ұзабаев әріптестерінің үмітін ақтай алмады. Өмірдің мәнін атақ деп түсінетін бұрымдыларға бағытталған картина көптің көңілінен шықпады. Картина желісінде тосыннан түрен салған дүние жоқ. Әдеттегідей дала мен қала арасындағы айырмашылық, махаббат пен өшпенділіктің бүгінгі бейнесі суреттелген. Бірақ мұның барлығы әлеуметтік желінің әлеуеті арқылы көрсетіледі.

“Киноның ортасына дейін жанымда пияз болды. Пияздың арасында ұйықтап келемін, әпкемнің үйіне де пияз алып келемін. Шынымды айтсам, сасып жүрдім. Үстімді қанша жусам да, иісі кетпейді. Барахолкада қатты шаршадық, күн ыстық. Адамдар мазамызды алды. Танып жатқандар да, арасында мазақтап жатқандар да болды”, – дейді Ақбота.

Әуел баста-ақ түсірілім тобының да, режиссердің де картинаға артқан үміті орасан еді. Әйткенмен Асқар Ұзабаев күлдіремін деп бүлдіріп алған сыңайлы. Кәсіби актерлер мен режиссерлер сыни пікір білдірді. “Қорқа бастадым. Камера алдында ұстау, яғни осы жанрда дұрыс жұмыс істей алу оңай емес екеніне көзім жетті. Яғни оқыған актерлер аз болғандықтан, кем-кетіктері болды”, – дейді актер Асан Мәжит.

Режиссерге сыни пікір білдергендердің арасында танымал әріптестері де бар. Десе де, режиссер Асқар Бисембин фильмнің кемші тұстарын тек жеке өзіне ғана айтатынын мәлімдеді.  “Кәсіби тұрғыдан қарап, сыни пікір айтуыма болады. Бірақ көрерменнің басын қатыруды жөн санамаймын. Кем-кетігін жеке кездесуде Асқардың өзіне міндетті түрде жеткіземін”, – дейді режиссер Асқар Бисембин.

Әріптестері мен қарапайым халық тарапынан мұндай міннің қарша борайтынын Асқар білген. Бірақ айтуынша, мұның барлығы оның кәсібилігіне күмәндануға сеп бола алмайды.


Жіберіп алмаңыз:

Татуласқан Жұлдызай мен Тука сахнада бірігіп өнер көрсетпек

Жанар Дұғалова жазушы туған сіңлісін көрсетті

Ерке Есмахан: Махаббаттан басым айналып жүр

Елбасы “Түнгі студияда” жұмақ туралы тәрбиелік мәні зор әңгіме айтып берді (видео)

Талқылау