Әнші Ademi: Күйеуім «саған төсек қатынасын ұсынады» деп әнші болғанымды қаламады

Дүйсенбі, 28 Қараша , 2016 12:01

Әнші Әдемі (Ademi) Қазақстан халқына «Жаңа толқын» байқауынан кейін танылды. Қазақстан әншісі 2015 жылы аталған байқауда 2-орынды иеленіп, алғаш рет үздік үштік қатарына кірді. Десе де Әдемінің оған дейін жекелей де, топта да ән айтқанын екінің бірі біле бермейді. Көпшілік Қазақстан эстрадасына жаңа есімді тек халықаралық байқаудан кейін қосты. Мұны әншінің өзі де мойындап отыр.

адеми_3

Әнші Әдемі 31 телеарнадағы «Ұят емес» бағдарламасына қатысып, еш жерде айтылмаған құпияларымен бөлісті. Әдемі күйеуін қатты жақсы көргендіктен әншіліктен бас тартқанын мойындады. Жас кезінен толық денелі болған ол тұрмысқа шықпай қалудан қорыққан. Сол себепті өзіне жан рахатын сыйлайтын сүйікті ісінен бас тартып, үлгілі жар болуға бекінген.

Арада жылдар өтті. Өзі қалаған іспен айналыспаған Әдемі ақырында ауруға ұшырады. Оның бір аяғы жансызданып, жүре алмады. Аяққа тұрып кетуден үмітін үзген әнші ешкімнің көзіне көрінбей, тасада өмір сүрген.

«Дәрігерлер диагноз қоя алмады. Қатты қинылдым. Үйге құрбыларым келіп қалмаса екен, мені мұндай жағдайда көрмесе екен деп тілейтінмін. Мүлдем далаға шықпайтынмын. 7 ай ауыр күй кештім. Ұйықтауымның өзі азап болды. Күйеуіме «мені тастап кет, ренжімеймін» дедім. Олай істеген жоқ. Барынша маған қолдау көрсетті. Асты-үстіме түсіп қарады. Нағыз ерлердің ісін жасады», – дейді Әдемі.

Ақырында емшіге қаралып, аяққа тұрған Әдемі сахнаға шығуға бел буады. Алайда күйеуі оның бұл қалауын құптамайды. Ал Әдемі отбасы мен әншілік мансаптың арасында таңдау жасауға мәжбүр болғанын айтты.

«Әншілер туралы стереотип үшін ол менің сахнаға шығуыма қарсы болды. «Қандай жағдайда болмасын саған төсек қатынасы ұсынылады. Оны білемін, көріп жүрмін. Сол себепті менің әйелім туралы жұрттың жаман сөз айтқанын қаламаймын», – деді ол. Мен ешқашан ондай іске бармайтынымды айттым. Ол сенбеді. «Сен ондай болмасаң да айналаңдағыларға қарап өзгеріп кетесің», – деді. Бір мәмілеге келіп, ортақ шешім табуға тырыстым. «Жеке кештерде ән салмай-ақ қояйын, тек үлкен концерттерге шығайын» деп ұсындым. Мол табысқа кенелмесем де, жан рахатын табатынымды айттым. Сонда ғана бақытты болатынымды, ал өзге жағдайда өзімнің де, оның да, айналадағылардың да көңіл-күйін түсіретінімді, өзімді жегідей жейтінімді жеткіздім. Ал ол ондай өмірге дайын емес екенін ашық айтты. Ақырында әншілік мансапты таңдадым. Ол үшін өкінесіз бе деп сұрайтын шығарсыз? Жоқ», – деді Әдемі.

Уақыт өте келе әнші күйеуінің сөзінің растығына көз жеткізді.

“Иә, оның айтқаны рас болып шықты. Ашық ұсыныс жасап, тіпті, түртпектеп кететін еркектер бар. Сол үшін де кейбір кештерде ән салудан бас тартамын. Продюсерім де қысастық жасаған емес. Ішкі ойым ол жерге барма десе, мен бармаймын”, – деді Әдемі.

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабекова бейәдеп қылығымен шошытты

Мөлдір Әуелбекова перзентханадан шықты (фото)

Ақбота Керімбекова өзі асырап-баққан күйеулері туралы айтып берді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар