Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Adam “Славян базарынан” алған ақшасын тойына жұмсамақ

Қазақстандық әнші Adam жуырда Витебскте өткен “Славян байқауы-2016” байқауында екінші орынды иеленіп, 15 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған болатын. Әнші бұл ақшаны жуырда өтетін тойына жұмсайтынын айтты.

image

Бұл туралы ол ОКҚ кездесуінде айтып берді.

“Иә, мен ақшалай сыйлық алдым және оны 25 қыркүйек күні өтетін үйлену тойыма жұмсаймын. Той қашан да бізге ләззат сыйлайды. Ал менің тойым Астана қаласында өтеді. Тойыма Витебсктегі туысқандарымның көбісін шақырдым. Олар өз кезегінде келетіндіктерін айтты”, – дейді әнші.

Яғни әншінің сөзіне сенсек, жуырда оның тойына Витебсктегі таныстары да келмек. Мұнымен қатар, байқауға бірге қатысқан әріптестері де келуге уәде еткен сыңайлы.

“Қысқасы оларды тойыма шақырып, шоу-бағдарламаға ақша жұмсамайын деп тұрмын”, – дейді әнші.

“Славян базары-2016” байқауында ол Sam Smith I’m Not The Only One әнін орындады. Алғашқы күні – 78, ал екін күнде – 155 ұпай жинады. Осылайша, қазақстандық әншіге бас жүлдені алу үшін екі ғана ұпай жетпей қалды.


Жіберіп алмаңыз:

Тараздағы түрмеде үйлену тойы өтті

Қазақстанда мақтан құмар жас жұбайлар үйлену тойын қалай ерекше өткізіп жүр (видео)

Канадалық келін үйлену тойы үстінде баласын емізді (фото)

Ұлын қырқынан шығарған Рано Омарова үйлену тойын дүркіретіп атап өтпек

Талқылау