Аңсаған Мұстафа уақытын күйеуін аңдуға жұмсайтын әйелдерге кеңесін айтты

Дүйсенбі, 18 Шілде , 2016 12:27

Қылқалам шебері Аңсаған Мұстафа қазақ қыздарына өмірлік кеңесін ұсынды. Ол бар уақытын жолдасын аңдуға жұмсайтын келіншектерге бұл әрекетінің пайдасыз екенін айтты. Артынша энергияны дұрыс бағытта жұмсаудың дұрысырақ екенін тілге тиек етті.

image

Фото: instagram.com/ansagan_mustafa/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қазақ әйелдерінің көп уақыты байын аңдумен өтеді. Біреумен жүріп жүр ме? Екеумен жүріп жүр ме? Анау алай қарап қойды, мынау былай қарап қойды. Балгерлерге кетіп жатқан қырғын уақыт, қырғын ақша. Сонда елестетіп көріңдер, өлейін деп жатырсыңдар, өмірлеріңнің қанша минут, сағат, күн, жылы босқа кетті.

5-6-7-8 жыл ма? Обал-ай, ал күйеулерің жап-жақсы-ақ өмір сүрді, иә? Қыдырды да, жүрді де, шет елге барды да, ал сендер “чмо” сияқты бір рет берілген өмірлеріңді соңғы “сволыш” сияқты өткіздіңдер. Мұндай өмірге түкіргенім бар. Өмір деген сондай қызық, уақыт деген сондай тез және аз. Ойланыңдаршы. Елімізді алға тартайық, қыздар. Әйелдерде энергия көбірек, дұрыс жаққа жұмсайық”, – дейді Аңсаған Мұстафа.

Естеріңізде болса, жуырда украиналық, ресейлік және қазақстандық қыздар ‪#‎янебоюсьсказати ‪#‎янебоюсьсказать хэштегтерімен қалай зорлық көргендері туралы жаза бастаған болатын. Бірі бұл эстафетаға қатысқан қазақ қыздарын сынға алса, енді бірі әрекеттерін құп көрген. Кейінгілерінің қатарында Аңсаған Мұстафа да бар.

13658899_1597190237245454_517903651_n

“Бала кезінде зорланған қыздар ‪#‎янебоюсьсказати ‪#‎янебоюсьсказать деген хештегпен қалай зорлық көргендерін жаза бастады. Бастаған украиндық қыз екен. Өмір бойы қиналып, ішінен шықпай депрессияда жүріп, осыны жазған соң біраз жеңілдеп қалған екен. Бұндай оқиғалар қазақтың ішінде қаншама. Ұят болады, айтуға болмайды, басқа туыстар ренжиді деп жабылып қалған трагедиялар өте көп. Неге? Себебі зорлайтын туыстары, иә, иә туыстар.

Қазақтың балалары көшеден гөрі өз үйінде көбірек зорланады. Мамалар сақ болыңдар, туыс жігіт, еркек, шалдарды балаларыңмен жеке қалдырмаңдар. Тал түс пе? Кеш пе? Таң ба? бәрібір. Сақтансаң сақтармын дейді Құдай. Ұялатын ештеме жоқ, келді ме? Айтатын шаруасын айтты ма? Қарызын алды ма? Қайтарды ма? Шайін ішті ме? Тамағын тойдырды ма?

Болды айда давай марш. Туған бойжеткен қыздарыңды сақтаңдар. Жаңағы хештегпен оқып көріңдер, қазақ қыздар да жазып жатыр. Елуге келгенше еркектерді жек көріп, өткен тәтелер бар. Ағынан ақтарылып жатыр. Кезінде айтуға қорыққан, бала ғой, зорлап алып, пышақ көрсетіп, әке-шешеңе айтсаң бауыздап тастаймын деп қорқытып қойғандар көп. Сақ болайық”, – дейді ол.

Әлеуметтік желіде суретшінің бұл жазбасына 200-ден астам лүпіл қойылып, желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

13643060_1660944344230179_48961579_n

“Әкем бізді ешқашан да туыс аға-інілеріммен жалғыз тастап кетпейтін. Міндетті түрде егде әйелді қоса қалдыратын. Себеп-салдарын енді түсініп отырмын”,  “Ия, бұл тақырыпта тоқтаусыз пікірлер айтыла берері анық. Қазіргі жастарды жамандықтан тиып ұстау үшін біздің алған тəрбиеміздің қаншасы оларға азық болар екен. Құлақ басқа, көз басқада болған кез-ау бұл”, “Иә, оқып жағамды ұстадым. Тек оларға сабыр берсін. Іштей қиналған өте жаман” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Суретші Аңсаған Мұстафа әйелдерге баланы өзі баға алса ғана тууға кеңес берді

Қазақстандық ең ержүрек еркектер өз әйелдерін ерекше құттықтады (фото)

Қазақстандық бойжеткен жартылай жалаңаш Playboy журналына түсті (фото)

Қазақстанда жыл сайын 80 мың жасанды түсік жасалатыны анықталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар