Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әннің сөзін ұмытып қалған Ғаділбек ерекше амал тауып елді күлдірді (видео)

Әнші Ғаділбек Жанай той үстінде әнінің сөзін ұмытып қалды. Үнемі елге көтеріңкі көңіл күй сыйлап жүретін әншіге бұл жолы да амалын тапты.

Әнші жас жұбайлардың үйлену тойында ән айтты. Көпшілік ортада жұп болып вальс биледі. Алайда әнші ән мәтінін ұмытып қалып, әрі қарай өзі де түсінбейтін тілмен шырқап кетті. Бір қарағанда шет тілінде айтылып жатқан әнге ұқсайды.

Жұрт ду кұлісіп, биін тоқтатты. Алайда әнші әнін жалғастыра берді. Кейіннен әнінің сөзін ұмытып қалғандықтан осындай амалға барғанын айтты.

“Әннің сөзін ұмытып қалған кезде, осындай сөздер шығып кетеді”, – деп жазды әнші парақшасында.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы барлық жаңалықты t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр