Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анкарадағы жарылыстан танымал футболшының әкесі қаза тапты

Түркияның бас қаласы Анкара қаласында 37 адамның өмірін жалмаған лаңкестік оқиғадан қаза тапқандардың арасында ыстамбұлдық «Галтасарай» футбол командасының шабуылшысы Үміт Бұлұттың әкесі болғаны анықталды.

umut-bulut

slawyanka.info

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Кемал Бұлұт кеше Анкарадағы «19 Майыс» стадионында астаналық «Генчлербірлігі» мен «Галатасарай» футбол командаларының кездесуінен соң үйіне қайтар жолда содырлардың әрекетінен жан тапсырды.

904283886

Айта кеткен жөн, Анкарадағы жарылысты бір әйел мен бір ер адамның ұйымдастырғаны анықталды. Лаңкестердің екеуі де оқиға орнында қаза болған. Оқиға орнына жұмылдырылған ішкі істер қызметкерлері жанкешті әйелдің жеке куәлігін тапты. Полицияның хабарлауынша, олБалыкесир университетінің түлегі Сехер Чагла Демир есімді азаматша екен. Ол 2013 жылдан бері лаңкестік ұйым қатарында болған.

Талқылау