Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анкарада Сүйінбай Аронұлына ескерткіш қойылады

Анкара қаласында Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі мен Анкара қаласының Кечиөрен ауданы муниципалитетінің бірлесіп ұйымдастыруымен Түркиядағы Қазақстан күндері өтіп жатыр.

f5d86d3de290556940ae48248656640c

Бұл туралы Түркі академиясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Салтанатты шараның алғашқы күні, яғни 19 маусымда қазақ елінен барған «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблінің өнерпаздары түркиялық көрерменге мерекелік концерт көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашты.

Сонымен қатар, кеше Анкарада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған конференция өтті. Бұдан бөлек, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шара аясында көрнекті ақын Сүйінбай Аронұлына арнап Анкара төрінен ескерткіш мүсіннің ашылуы жоспарланған.

Жіберіп алмаңыз:

Түркияда шығатын журнал бір санын Олжас Сүлейменовке арнады

Талқылау