Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Animal Planet арнасының түсіру тобы адам тұрмайтын аралда қалған кісіні құтқарды

Animal Planet арнасындағы «Речные монстры» бағдарламасының жүргізушісі Джереми Уэйд өзінің түсіру тобымен бірге Австралия жағалауында теңіз алабұғасын түсірудің сәтін күтіп жүрген. Олар су бетіндегі көк түсті қорапты байқап қалады. Сол жаққа қарай беттей берген кезде  жартылай жалаңаш жүгіріп жүрген адамды байқап қалады.

жоғалдыыыыы

Бұл туралы tjournal.ru сайты жазған.

Жалғыз жүрген Тремайн есімді азамат құрлысшы болып жұмыс істегенін, Борролулде тұратынын, мұнда аң аулауға шыққан кезде адасып қалып кеткенін түсіндірген. Ол адам бармайтын аралда екі күн бойы аш әрі ауызсусыз жүрген.

Ол өзінің тағы бір тәулік ғана өмірі қалды деп ойлапты. Себебі, екі күн бойына ішуге су таппай барлық жерді аралап шыққан.

Түсіру тобы бірінші болып Тремайнға бір бөтелке су ұсынып, адам шөлін басатын дәрі берген. Осыдан кейін барып оның беті бері қарап, реңі кіре бастаған.

Талқылау