Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысық 60°С жылдамдықпен кір машинасында айналғаннан кейін тірі қалды

Ноттингем қаласында Бобби есімді мысық кір машинасының ішінде қалып кетіп, 60 градустық температурада айналғаннан кейін тірі қалды. Тіпті, еш жеріне зақым да келмеген.

_90544418_cat1

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Мысықтың иесі 47 жастағы Лиза Киф мысығының кір машинасына қалайша кіріп кетіп, ішінде “жуылып” шыққанына таңырқап, сенер-сенбесін білмей қалған.

“15 жылдық жұмысымда мұндай жағдайға кез болып көрмеппін”, – дейді ветеринарлық клиника дәрігері Джеймс Келлоу. Тоғыз айлық мысық болса мынадай жағдайдан соң есінен танып қалған.

Ал қайырымдылық ұйымы Боббиге арнаулы марапат тапсыруға да ынталы. Бұл ұйым жыл сайын ең қауіпті жағдайдан аман қалған үй жануарларын осылайша марапаттап отырады. Лиза Кифтің сөзінше, кір машинасы Боббидің сүйікті демалыс орыны екен. Бұл жолы ол кір машинасын іске қосардың алдында оны шығарып жіберген. Алайда ширақ қимылдаған мысық қожайынына байқатпай қайтадан кіріп үлгеріпті.

_90544420_cat2

“Шуды естіп, дереу ас үйге жүгіріп келгенімде киімдермен бірге айналып жатқан Боббиді көрдім. Мына сұмдықтан соң бірден құрылғыны өшіріп, оны шығарып алдым”, – дейді ол.

Дәрігердің айтуынша, мысық кір машинасының ішінде шамамен 2 минуттай уақыт өткізген. Егер қожайын кішкене кешіккенде жағдай қиын болар еді дейді. Мысықтың жағдайын қалпына келтіру үшін дәрігерлер қажетті ем-домды жасаған.

Талқылау