Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Англияда 3 жастағы қыз жүкті анасын құтқарып қалды

Англияның Бристоль қаласында 3 жастағы қыз жүкті анасы мен бауырын құтқарып қалды. Шешесі абайсызда басқыштан еденге оңбай құлап, есінен танып қалғанда бүлдіршін төтенше жағдайлар қызметінің 999 телефон нөмірін теріп, «анам баспалдақтан құлады, ішінде Джордж бар» деп хабарлаған.

1a272fb016d0f8d4a86b6e501b858450_XL

Осы оқиғадан кейін Эмманың анасы сәбиін 7 айлығында туды. Дәрігерлер қазір ақылды қыздың арқасында екеуінің де жағдайы бірқалыпты деп сүйсініп отыр. Сара Моррис, Төтенше жағдайлар қызметінің операторы: – Жасына қарамастан, салмақты сөйледі. Үлкен балалардың өзі мұндай жағдайда қобалжып тұрады. Балақайдың жасы бар болғаны 3-те болса да, ақылды қадамға барғаны қызық.

Талқылау