Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әңгімең жарасып отырған сияқты": Өзін Шәкен Аймановқа теңеген әзілкеш жұртты күлкіге қарық қылды

Өзін Шәкен Аймановқа теңеген әзілкеш жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тележүргізуші Қайрат Әділгерей Шәкен Аймановтың мүсінінің жанында суретке түсіп, киногерге ұқсамақ болған. Шәкен Аймановтың мүсініндей бейнеге енген әзілкеш қылығымен жұртты күлдірді. 

"Шәкен Айманов атамыздың құрметіне қойылған ескерткіш", - деп жазды Қайрат Әділгерей.

Бұл суретті көрген желідегі жұрт әзілкештің қылығын қызық көріп, күлкіге айналдырған. Тіпті бірі тележүргізушінің бағдарламасы түсіріліп жатыр деп болжаған екен. 

"Шәкеңмен әңгіме жарасып отырған сияқты", "Түңгі студияға келмеген соң, өзің келдің бе?", "Ағау, деп шер тарқатып отырсыз ба?", "Тірі адам деп қалдым ғой", - деп пікір білдірді жұрт.

 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр