Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ангела Меркелді Қырғызстанда бауырсақпен қарсы алды (фото)

Германияның федералды канцлері Ангела Меркел алғаш рет Қырғызстанға ресми сапармен келді. Канцлерді халықаралық “Манас” әуежайынан ел президенті Алмазбек Атамбаевтың өзі күтіп алды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

photo_190012
Сурет president.kg

Кездесу барысында екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрметті қарауыл сап түзеп, қос елдің әнұрандары да шырқалды.

Ресми сапар аясындағы Атамбаев пен Меркелдің келіссөзі бүгін 14 шілдеде болады.

54e2b936e0d0b7efcee161f1d4d22315

“Екі ел басшысы Қырғызстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған сұрақтарды талқылайды, сондай-ақ, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша да пікір алмасады”, – делінген хабарламада.

Талқылау