Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анджелина Джолиге ұқсағысы келген әйел ерні мен кеудесін үлкейту үшін 38 млн теңгеден аса ақша жұмсаған (фото)

Канадада биші әйел J өлшемді кеуде, Анджелина Джолидікіндей ерін мен бөксесін тартымды ету үшін 150 мың доллар (38 миллион теңгеден аса) ақша жұмсаған.

Анджелина Джолиге ұқсағысы келген әйел ерні мен кеудесін үлкейту үшін 38 млн теңгеден аса ақша жұмсаған (фото)

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

24 жастағы Мэри Магдален соңғы 4 жыл ішінде кеудесін үлкейту үшін 3 ота жасатып, мұрнының пішінін өзгертіп, ерніне 15-тен аса ботокс инъекциясын жасатқан. Ол осының бәрі үшін шамамен 150 мың канадалық доллар төлеген. Бұған дейін ол өзін «тым өңсіз» сезініпті.

Десе де ол мұнымен тоқтап қалмайтынын айтуда. Алайда оның бұрын шіркеу қызметшісі болып жұмыс істеген әкесі бұл әрекетін құптамайды.

Анджелина Джолиге ұқсағысы келген әйел ерні мен кеудесін үлкейту үшін 38 млн теңгеден аса ақша жұмсаған (фото)

Сонымен қатар бишінің кеудесінің үлкендігі үшін, тыныс алуына байланысты қиындықтар пайда болған.

«Мен 14 жасымнан ота жасатқым келетін. Алайда мұншалықты көп ота жасатамын деп ойламадым. Бірақ бұл менің хоббиіме айналды. Бұл мен үшін қауіпті спорт түрі сияқты», – дейді Магдален.

Сонымен қатар ол көп ота жасатуының себебін мамандығымен байланыстырды. Егер биші болмағанымда, сырт келбетімді өзгертпей, тек татуировка жасататын едім, дейді ол.

Анджелина Джолиге ұқсағысы келген әйел ерні мен кеудесін үлкейту үшін 38 млн теңгеден аса ақша жұмсаған (фото)

Магдаленнің сөзінше, адамдардың бәрі оның сырт келбетін дұрыс қабылдай бермейді. Егде жастағы адамдар оны айналып өтуге тырысса, балалар оның ернін балықтың аузымен салыстырады екен.

Десе де ол ештеңеге қарамастан өзінің сырт келбетіне риза екенін айтуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау