Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анджелина Джоли босқындармен кездесті (фото)

Атақты актриса Анджелина Джоли БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі ретінде Грекияның Пирей қаласындағы босқындар лагеріне барып қайтты.

102542_main

Сурет: nv.ua

Онда қазір шамамен 4 мың мигрант тұрып жатыр. Бұдан бұрын танымал жұлдыз Ливанда да болып, босқындармен кездескен еді. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, елдегі мигранттардың 79%-ы – әйелдер мен балалар. Сапары кезінде Джоли әлемдік көшбасшыларды көші-қон ахуалын реттеу үшін өзара бірігуге шақырды.

102548_main

“Босқындарға гуманитарлық көмек жеткізу бұл мәселенің шешімін табу емес. Түйткілдің түйінін тарқату үшін дипломатиялық күш салу қажет. Әлемдік қауымдастық мигранттарға көмектесу үшін аянбай еңбек етуі тиіс”, – Анджелина Джоли.

102543_main

Талқылау