Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Андрей Малахов эротикалық суретін жариялап, жұбайынан кешірім сұрады

Танымал тележүргізушісі және шоумен Андрей Малахов эротикалық суретін жариялап, халықты шулатты.

malahov_i_shkuleva3_0

«Пусть говорят» даулы ток-шоуының тележүргізушісі іш киіммен түскен суретінің жазбасында әйелі Наталья Шкулевадан кешірім сұраған.

Суреттен тележүргізушінің шыныққан бұлшықеттерін көруге болады. Малаховтан үстінде жабысып тұрған іш киімінен басқа ештеңе жоқ.

“Қайырлы эротикалық кеш! Назарларыңызға әлемдік жас жұлдыз, фотограф Кристу Судмалистің суреттерін ұсынамыз. 2016 жылы 10 шілдеде, сағат 22.34-те ол мені дәл осындай күйде көрген болатын”, – деп жазды Андрей суреттің астына.

Сондай-ақ, тележүргізуші өзінің әйелі Наталья Шкулевадан кешірім сұрады: «Әрі қарай тек қана хэштег #наташакешір 18+” – деп мәлімдеді Малахов.

Малаховтың оқырмандары аталмыш суретті қызу талқыға салды. Оқырмандардың бір легі Андрейдің сыртқы келбетіне қызыққанын жасырмаса, екіншісі күлкі-мазаққа айналдырды: “Неткен фигура! Жарайсың, Андрей!!!!”, “Мынадай денеге қол жеткізу үшін көп тер төккенің байқалып тұр. Құрметтеймін, Андрей …..)”, “Мильдоний?”, “Аппалонның нақ өзі…!”, “О Құдайым-ау!”, “Андрей өте сымбатты екенсіз”, “Әйеліңіз өзіне өзі қызғанышпен қарайтын шығар”, – деп жазды таңырқаған желі қолданушылары.

Бұдан бұрын Малахов Франциядағы демалыс сәтінен фото жариялаған еді. Онда танымал тележүргізуші әйелі Наталья Шкулевамен бірге. Аталмыш суреттегі жұптың жарасымдылығы соншалық, фанаттар қызықты пікірлерін іштеріне бүгіп қала алмаған еді.

 

Фото опубликовано @malakhov007

Жіберіп алмаңыз:

Павлодар тұрғыны YouTube-тегі видеосынан кейін “Пусть говорят” шоуына шақыртылды

Қазақстандық үш бүлдіршін “Пусть говорят” ток-шоуында “жарды”

Әлемдік жұлдыздардың балалық шағына саяхат (фото)

Талқылау