Андрей есімді жанкүйерлер «Қайрат» командасының ойынын тегін көре алады

Андрей есімді жанкүйерлер алматылық «Қайрат» футбол клубының қазіргі чемпионаттағы қорытынды ойынын тегін көре алады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Андрей Аршавин

Еске сала кетсек, бұған дейін «Қайрат» клубы Андрей Аршавиннің клубтан кететінен мәлімдеген еді. 11 қарашада өтетін ойын футболшының клуб құрамындағы соңғы ойыны болады.

«Егер есіміңіз «Андрей» болса, чемпионаттың «Қайрат» -«Шахтер» клубтарының арасындағы қорытынды ойынын тегін көре аласыз. Ол үшін Орталық алаңның кассасында жеке куәлігіңізді көрсетуіңіз керек. Бір адамға бір билет беріледі», – делінеді клуб хабарламасында.

Андрей Аршавинді шығарып салу рәсімі өтетін ойын 11 қарашада Алматыдағы Орталық алаңда өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар