Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Андрей Аршавин «Qazsport»-тың комментаторы болады

Бүгінгі күні қазақстандық «Қайрат» футбол клубының сапында ойнап жүрген Андрей Аршавин «Qazsport» арнасынан тікелей көрсетілетін 2018 жылғы Әлем чемпионатын жүргізетін болады.

Бұл туралы «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта болған ресейлік футболшы Андрей Аршавин 2018 жылғы Әлем чемпионатының «Qazsport» арнасындағы тікелей эфирі барысында комментатор болуы мүмкіндігін айтқан болатын.

«Qazsport»-тың ресми сайтында телеарна директоры Павел Цибулиннің бұған қатысты пікірі берілген. «Бағдарламада Андрей 2018 жылғы Әлем біріншілігіне комментаторлық етуге қарсы еместігін әзіл арқылы білдірді. Біз әрине, тек «иә» дейміз. Біріншіден, Аршавин посткеңестік кеңістікте соңғы онжылдықтағы үздік ойыншылардың бірі. Екіншіден, танымал алматылық клубтың көшбасшыларының қатарында.

Үшіншіден, Әлем біріншілігі Ресейде өтеді. Бұл да қызығушылық тудыратын себеп», – дейді телеарна директоры. П.Цибулин футболшыны бірге жұмыс істеуге шақыратынын атап өтті.

«Ойдың әзіл түрінде айтылғанына қарамастан, біз жарыстар кезінде оны бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз. Айта кетсек, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары бұл ірі спорттық шараны трансляциялаудың эксклюзивті құқығына ие. Аршавин қазақстандық Премьер-лига ойындарынан бос күндері комментаторлық етуі мүмкін.

Сондай-ақ, Әлемдік чемпионат аясындағы студиялық бағдарламадан көрінуі мүмкін. Жалпы, біз комментатор ретінде қазақстандық футболшыларды көргізім келеді. Олар қазіргі ойыншылар немесе спорттық мансабын аяқтағандар. Бірақ, олардың комментаторлық етпеу және сарапшылық жасамау үшін түрлі себептер айтатын сирек жағдайлар кездеседі.

Дегенмен, футболдың мәнін олардан артық ешкім білмейді», – деп атап өтті ол. Бұдан бөлек, телеарна басшысы «Qazsport»-та комментаторларға іріктеу жүріп жатқанын айтып өтті. Бірінші кезең нәтижесі бойынша 503 үміткердің 271-сі кастингтен өтуге шақырту алды.

Екінші кезеңге 47 адам жолдама алды. Алдағы уақытта олардың тек 20-сы іріктеп алынады. Кейін телеарнаның kazsporttv.kz сайтында дауыс беру арқылы үздік ондық анықталады. Олардың кандидатуралары Корпорацияның көркемдік кеңесінде қаралатын болады.

Көркемдік кеңеске филологтар, журналистер, блогерлер, БАҚ басшылары, спорт федерацияларының өкілдері және Олимпиада чемпиондары кіреді. Кастинг желтоқсан айында толығымен аяқталып, жаңа комментаторлар жұмыстарына 2018 жылдан бастап кірісетіні күтілуде.

Оқи отырыңыз:

58 жастағы ОҚО тұрғыны суық күнде суға шомылып шынығып жүр

Атыраудағы қалыңдық өлімі: Оқиғаның қалай болғаны туралы күйежігіттің нұсқасы

700-ден астам өзге ұлт өкілі Қазақстан азаматтығын алмақ

Алматыда букмекерлік кеңсе ұтыс ұтқан клиентіне 62 млн теңге төлейтін болды

 

 

Талқылау