Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Андрей Аршавин қазақша сөйлеуді үйреніп жүр

Футболдан алматылық “Қайрат” клубының жартылай қорғаушысы ресейлік футболшы Андрей Аршавин қазақ тілін үйреніп жүргенін мәлімдеді.

i6gIjuxJy0M

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы rsport.ru хабарлайды.

Маусым аралық үзілісте “Кубань” командасы сапынан “Қайратқа” ауысқан 35 жастағы футболшы, Алматыда тұратыны себепті қазақ тілін үйренуді жоспарлап жүргенін айтты.

“Мен қазірдің өзінде үйреніп жүрмін. Шын мәнінде, кей сөздерді біліп те алдым. Қар – бұл снег, орталық – центр деген сияқты. Қазақ тілі – мен үшін қиын тіл. Дегенмен, уақыт өте келе мен үйреніп, түсіне аламын деп ойлаймын”, – деді Аршавин.

Сонымен қатар, Ресей құрамасының экс-капитаны “Қайрат” оның кәсіби мансабындағы соңғы клуб болатындығын да айтты. Аршавин “Қайратпен” “1+1” шарты бойынша келісім-шартқа отырған еді.

Бұған дейін Андрей Аршавин санкт-петербургтық “Зенит” (1999-2008, 2012, 2013-2015) сапында және лондондық “Арсенал” (2009-2013) қатарында өнер көрсетіп, футбол әлемінің танымал жұлдызына айналды. “Зенитпен” бірге Ресейдің үш дүркін чемпионы, екі мәрте күміс жүлдегері атанып, Кубок пен УЕФА Суперкубогын, Ресей Суперкубогын жне премьер-лига кубогын да ұтып алған.

Ол 2002-2012 жыл аралығында Ресей ұлттық құрамасы сапында ойнап, 75 матчта 17 гол соға алды. 2008 жылы Европа чемпионатының қола жүлдесін де жеңіп алды.

Оқи отырыңыз:

Андрей Аршавин Алматыдағы мүгедек балалармен кездесіп, қолдау білдірді

Андрей Аршавин Алматыдағы Esentai тұрғын үй кешеніне жайғасты

Әзілкештер “Аршавин ойындағы емес банктегі есебіне алаңдайы” деп әндетті (видео)

Талқылау