Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Андрей Аршавин: “Қайрат” жайлы айтуға әлі ерте”

Ресей чемпионатында өнер көрсететін Краснодарлық “Кубанның” жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин “Қайратқа” ауысуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

TASS_11724133-pic4_zoom-1000x1000-89374

Бұл туралы sovsport.ru сайты хабарлайды.

“Қайрат”? Ол жайлы айтуға әлі ертерек. Әуелі қазіргі клубыммен келісім-шарт мәселесін біржақты қылып шешіп алу керек. Келісім әлі толық бұзылған жоқ”, – дейді Аршавин.

Еске сала кетсек, 1 ақпан күні “Кубань” ойыншымен арадағы келісім-шарт екі тараптың өзара келісім нәтижесінде бұзылғанын хабарлаған еді. Бұл маусымда Аршавин 8 матқа қатысып, нәтижелі голымен көзге түсе алған жоқ.

Егер, ешқандай клубтан ұсыныс түспесе кәсіби мансабын аяқтайтынын да айтқан. Аршавин 2008 жылы өткен Европа чемпионатында көзге түсіп, лондондық “Арсенал” сапына ауысып кеткен болатын. Содан кейін өзінің туған клубы “Зенитке” қайта оралған. Ал биыл жарты жылын “Кубань” құрамында өткізді.

Талқылау