Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасының құрсағында жатып “Үміт қолы” деген сурет арқылы әлемге танылған баланың бүгіні (фото)

1999 жылы керемет тарихи оқиға мен соның сурет дәлелі бүкіл әлемді кезіп, ерекше әсерге бөледі. УЗИ анықтамасы кезінде, АҚШ тұрғынының омыртқасы зақымданған жүре алмайтын, отыра алмайтын қиын жағдайдағы сәбиге жүкті екені анықталған.

handofhope01

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Хирургтарға аса күрделі операцияны жасауға тура келді. Дәрігерлер әлі ана құрсағында жатқан нәрестенің омыртқасындағы кемістікті жоюға талпынды.

handofhope02

Тәуекелмен жасалған операция бақытқа орай сәтті өтті. Кенеттен операцияның соңғы жағында сәбидің қолы шыға келді. Құдды оның қолы дәрігерден көмек сұрағандай еді. Бұл ерекше жан тебірентетін сәт операцияға қатысқан фотографтың нысанасына ілініп, бүкіл әлемді шарлап кетті. Осылайша “Үміт қолы” деген сурет бар әлемге танымал болды.

handofhope03

Сәтті жасалған отадан соң Сэмюэль Александер Армас 1999 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келді.

handofhope04

Бүгінде оның жасы 16-да. Омыртқасына қатысты қойылған бірқатар шектеулерге қарамастан, оған өмір сыйлаған хирургтардың арқасында бақытты өмір сүріп жатыр деп айтуға болады.

handofhope05

Сэмюэль спортпен айналысқанды жақсы көреді. Тіпті баскетболдан өзінің алғашқы жүлдесіне де қол жеткізген.

Талқылау