Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасына 101 раушан гүлін сыйлаған Мақпал Жүнісованың қызы елді тәнті етті (видео)

Қазақтың ерке қызы, Халық әртісі Мақпал Жүнісова бүгін 55 жасқа толды. Жыл басында дүниеге келген анасын алғашқылардың бірі болып қызы Мерей құттықтады. Жүнісованың жалғызы анасына 101 раушан гүлін сыйлап қуантты, деп жазады Stan.kz.

Анасына 101 раушан гүлін сыйлаған Мақпал Жүнісованың қызы елді тәнті етті (видео)

Мектеп қабырғасында оқитын Мерей анасының құшағын гүлге толтырып, оған ән арнады. Ал жалғызына риза болған Мақпал Жүнісова бұл жантебірентерлік сәттің видеосын желідегі парақшасына жүктеді. Айтпақшы, дәл туған күні қарсаңында әншінің даусы шықпай, науқастанып қалған көрінеді.

“Дауысым осылай шықпай қалды, осындай қызым болғанына Аллаға мың шүкір”, – деп бөлісті Мақпал ханым.

Желі қолданушылары Жүнісованы туған күнімен жарыса құттықтап, Мерейдің әрекетіне риза болуда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Макпал Жунусова (@zhunusova.makpal)

Еске сала кетейік, жақында Жүнісова қызының болашағы үшін не себепті ақша жинамайтынын түсіндірген еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау