Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасын да танымайды: Төсекке таңылған Қостанай облысының тұрғыны мүгедектік ала алмай жүр

Наталья Попова 45 жаста. Мамыр айында туберкулезді менингит диагнозы қойылған. Көзін ашып, қолын қимылата алады. Ұзақ уақыт дене температурасы көтеріліп жатты. Кейде басы ауырғаннан айқайлап жылайды. Қызының күтіміне зейнеткер анасы қарап отыр.

Анасын да танымайды: Төсекке таңылған Қостанай облысының тұрғыны мүгедектік ала алмай жүр

Людмила Казначеева қызын шприцпен тамақтандырып отыр. Жаялығын ауыстырып, қарайлап отырады, деп жазады Қостанай жаңалықтары.

Аурудың бастапқы белгілері қаңтар айында байқалған. Дене температурасы көтеріліп, әлсіздік басып, кеуде тұсы ауырғанымен ауруханаға қаралмаған. Өз өзіне тағайындаған екпелері уақытша көмектеседі. Наташа сәуір айында тәуірлене бастап, серіктесімен жұмысқа кетіпті.

Жұмысынан мамыр айында келеді. Азып-тозып, нашарлаған қалыпта оралады. Бірақ дәрігерге бармайды. Бірнеше аптадан соң анасы жедел жәрем шақырған. Алайда науқас ауруханаға тіркелмегендіктен дәрігерлер де дереу қабылдай қоймайды.

«Қазір Наташа менің анасы екенімді білмейді. 15 келіге арықтап кеткен. Дәрігерлер басында су бар екенін, нейрондардың жартылай өліп қалғанын айтты”, – дейді анасы.

Осыдан соң отбасы қызына мүгедектік жасатпақ болады. Ол жұмысқа қауқарсыз, ауруынан айығуы екіталай күйде болғандықтан мүгедек саналады. Сондықтан мемлекеттік жәрдемақы алуы тиіс.

«Менің зейнетақым 59800 теңге. Жолдасым 78 мың теңге алады. 20 мың теңгені ай сайын дәріге жұмсаймыз. Тағы 30 мыңына жөргекқап аламыз. Жақсы тамақтандыруға тырысамыз. Біздің ақшамыз жетпейді», – дейді анасы.

Людмила Ивановна облыстық денсаулық сақтау департаментімен хабарласқан.

«Маған қызыма мүгедектікті 10 айдан соң беретінін айтты. Егер Наташа тірі болса. Қазірде оның төсектен тұра алмайтыны белгілі емес пе? Не үшін айлап күтуіміз керек? Неге дәрігерлер осыны ескермейді?», – дейді ол.

Наташа ол үйде және ауруханада тіркеуде болмаған. Анасы тек қызын Қостанайға жібергенде ғана үйіне тіркеген. Ал, мүгедектік берумен не облыстық туберкулезге қарсы диспансер айналысуы керек.

Дәрігерлердің айтуынша, талапқа сәйкес туберкулезбен ауыратын науқастар тек 10-15 айдан соң ғана мүгедектік ала алады.

Әлеуметтік қорғау жне еңбек комитеті департаментінің орынбасары Айтжамал Душанбаеваныі айтуынша, Натальяның дәрігерлер оның ауыр жағдайы туралы ұсыныс хат жазу арқылы мүгедектік алуға мүмкіндік бар. Алайда оның қаншалықты пайдасы болары белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау