Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасын алдаған Нұрболат Абдуллин желіде қызу талқыға түсті (видео)

Нұрболат Абдуллин өзін бір апта көрмеген анасын алдап, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Анасын алдаған Нұрболат Абдуллин желіде қызу талқыға түсті (видео)

Әнші демалыс орнында жатқан анасының халін білмек болған. Алайда Нұрболат бұл туралы анасына ескертпестен, тосынсый жасауды ұйғарған.

“Анамның демалып жатқан жеріне айтпай барып 10 минуттай телефонмен арт(қы) жағынан сөйлесіп жүрдім. Видеоға түсіріп. Бір апта көрмеген анамның реакциясын көріп күліп жібергенім-ай. Әзілің жарасса дегеннен шығады”, – дейді Нұрболат Абдуллин.

Видеоны көрген желі қолданушылары анасымен әзілдескен Нұрболаттың да, ұлын көргенде балаша қуанған анасының да әрекетіне тәнті болды.

“Күшті, анаңыздың өмір жасы ұзақ болсын”, “Анаңыздан аумайды екенсіз”, “Өте сұлу екен, сізді көргенде балаша қуанып тұр”, – деп тәнті болды Instagram қолданушылары.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау